Қоқыс тасып, туды қорлағандар жазаланды

904

Коммуналдық қызметшілер Қазақстан туын қорлағандары үшін жазаланды. Шымкенттегі Әл Фараби аудандық сотының 2015 жылдың 8 шілдесіндегі үкімімен «Бек-Асыл Сервис» мекемесінің екі жұмысшысы Т.Биболат және Г.Қалдыбаева айыппұл төлейтін болды.

002

Қоқыс таситын компанияның қызметшілері қылмыстық кодекстің 372-бабы бойынша, мемлекеттік рәміздерді қорлаған деп айыпталған болатын. Енді жұмысшылары әрқайсысы мемлекет пайдасына 100 айлық-есептік көрсеткіш есебінде, яғин, 198 200 теңге төлеуі тиіс.

Еске салайық, 2015 жылдың 11 маусымы күні «Бек-Асыл Сервис» ЖШС-нің жұмысшылары Шымкенттегі Ғали Іляев көшесінің бойындағы қоқыс контейнерінен қалдықтарды тазалауға М. Сайлаубаевтың басқаруындағы «Dong Feng» автокөлігімен келеді.

003

Жәшіктен қоқыстарды алып жатқанда арасынан ақ түсті қалтадан Қазақстанның мемлекеттік туы табылады. Жұмысшылар туды жайып, соған қоқысты сала бастаған. Бұл сәттің фотосуреттері сол күні-ақ ғаламторға тарап кетеді.