Оңтүстікте табиғи қорықтар мен ұлттық парктерге келушілерден түсетін пайдадан көрі зиян көп. Жыл басынан қорыққа бас сұғушылардан қазынаға 1 млн теңгеге жуық қаржы түсіпті. Есесіне сирек кездесетін және қызыл кітапқа енген жан-жануарларды жоюдан 12 млн теңгеден астам шығын келген.
Бұл туралы облыстық әкімдікте 6 айлық жұмысын қорытындылаған облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция басшысының орынбасары мәлімдеді. Айта кету керек, биыл жүргізілген рейд барысында 2 браконьерлік оқиға тіркелген.
Онда сирек кездесетін жануарлар оққа ұшыпты. Инспекция басшылығының айтуынша, браконьерлердің арасында мемлекеттік қызметкерлер жоқ. Есесіне ұлттық парктер мен табиғи қорықтарға қызығушылық танытып келетін қонақтардың қарасы қалың. Дегенмен, қазына қоржынына тек 1 млн теңге ғана түсіпті.
Мақсат Жақсыбаев