Өңір басшысы әкімдік инспекторларына тапсырма берді

344

Шымкентте өңір басшысы А.Мырзахметовтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Онда облыс әкімі бас инспекторлар мен аппараттағы бөлім басшыларының алты айда атқарған жұмыстарын саралап, алдағы уақытта атқарар міндеттерді айқындады.

002

Облыс басшысы аппараттың жұмысын одан әрі жүйелендіру мақсатында мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру, олардың құқықтық кәсібилігін жетілдіру басты міндет деп бағамдады. Осы орайда облыс әкімі аппараты өңірде бесаспап мемлекеттік қызметкерлерді дайындау орталығы болуы керегіне айрықша назар аударды.

Айқындалған міндеттерге қол жеткізуде бас инспекторлардың айына екі рет өздеріне бекітілген аудан, қалаларға шығып, жергілікті жердегі өзекті мәселелерді талдап-таразылау, түйіні тарқатылмаған күрмеулі мәселелердің шешу жолдарын ұсыну, тұрғындардың талап-тілегіне сергек қарап, тиісті шараларды қолға алу жайы сөз болды.

Одан бөлек аппараттағы кадрлық құрамның сапасын арттыру бағытында қызметтік міндеттерді оңтайландыру, аттестаттау жүйесін ендіру мен тағы басқа да жұмыс тиімділігін арттыруды көздейтін өзекті талаптарды белгілеу жүктелді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі