Елу мың теңге үшін адам өлтірген күдікті Алматыда ұсталды

348
Фото: //vkurier.by

Оңтүстік Қазақстан облысында қарт мұғалімнің үйіне шабуыл жасап, ұлын өлтірген күдіктілердің бірі ұсталды. Ол 32 жастағы осы ауылдың тұрғыны болып шыққан. Бұл туралы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Фото: //vkurier.by
Фото: //vkurier.by

Қанды оқиға Мақтаарал ауданындағы Жүзімдік ауылының тұрғындарын естен тандырды. Жексенбіге қараған түні жергілікті мектептің мұғалімі, 85 жастағы зейнеткердің үйіне белгісіз біреу шабыл жасаған.

Қарақшы ақша мен қымбат бұйымдар талап еткен. Айқау-шуды естіген қарияның 52 жастағы ұлы сыртқа шыққанда күдікті оны ұрып-соғып, қылғындырып тастайды. Бұдан кейін зейнеткерден 50 мың теңгесін алған күдікті оқиға орынан бой тасалаған.

 

Ал бұған дейін тарап кеткен мұғалімнің мүгедек-қызының зорлануы туралы ақпарат расталған жоқ. Аудан прокуроры Нұржан Боранбаев та 48 жастағы мүмкіндігі шектеулі азаматшаға медициналық сараптама жасалып, оған қатысты жыныстық қорлық жасалмағанын айтты.

Тергеушілердің мәліметінше, ұсталған жігіт бұған дейін өзгенің үйіне баса-көктеп кіргені үшін сотты болған. Қазір кісі өлтіру әрекетіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.