Облыста коммуналдық төлемдер тариф қымбаттады. Бұл туралы табиғи монополоияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің облыстағы департамент басшысының есептік жиынында мәлім болды. Сапаны жақсартамыз дегенді алға тартқан коммуналдық сала өкілдерінің тарифті қымбаттату туралы ұсынысы департамент тарапынан қолдау тапты.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=rCjAi6TG2GM[/youtube]
Егер 2015 жылдың шілде айына дейін жеке тұлғалар 1 текше метр газ пайдаланғаны үшін 25 теңге төлеп келген болса, енді 28 теңге төлейді. Осыған дейін жеке және заңды тұлғалар үшін бірдей тариф бекітіп келген «Қазтрансгаз» АҚ ОҚО филиалы тарифтік саясатына да өзгеріс енгізіп отыр. Заңды тұлғалар бұдан былай бір текше метр газға 29 теңге 92 тиын төлейді.
Шымкентте алты жыл бойына өзгермеген жылу бағасы да биыл көтеріледі. Жылу берушілердің бұл ұсынысын департамент басшылығы құптап отыр. Түсетін қаржы қайда және қалай жұмсалатыны да жоспарланған. Тозығы жеткен құбырларды ауыстырып, қызмет сапасын жақсартамыз дейді салаға жауаптылар. Алдағы жылыту маусымына дайындық жүргізуге кіріскен кәсіпорын 2 маусымнан бері тоқтап тұр.
Айта кетейік, облыстағы газ мен жылу бағасы республикалық көрсеткіш бойынша көш бастап тұр. Тарифтердің жыл сайын қымбаттауын мамандар қызмет сапасын жақсартататын ивестициялық бағдарламамен байланыстырады. Айтқандай, 2017 жылдан бастап елімізде табиғи монополиялар нысандарына қосымша табыс табуға да рұқсат берілмек.
Бұдан былай мекемелердің техникалық және бағдарламалық қажеттіліктеріне мемлекеттен қаржы бөлінбейді. Шығындарды әр мекеме өздері көтеретін болады. Бұл, әрине, коммуналдық төлемдердің өсуіне әкеліп соғады.