Коммуналдық тариф қымбаттайды

16

Қазақстанда коммуналдық қызмет бағасы өседі. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың  айтуынша, тарифтер өсімі бір жылда 20-30% деңгейінде болмақ.

«Тарифтерді түзету жыл сайын күтіледі, өйткені тарифтік бағдарлама жеті жылға созылған. Егер бізге барлығын шұғыл түрде жаңарту қажет болса, 1-2 жыл ішінде тарифтердің өсуі айтарлықтай, бірнеше есе болар еді», – деді Қуантыров үкіметте өткен брифингте.
Орташа алғанда, кейбір субъектілер мен тұрғын үй кешені түрлері бойынша тарифтердің өсуі 10-15% болады. Бұл орташа есеппен 20-30% құрайды. Су – маңызды ресурс. Біз оны үнемдеуге тырысуымыз керек. Тек инфляцияны ұстап тұру керек.
Қуантыровтың айтуынша, жыл ішінде әртүрлі коммуналдық қызметтерге тарифтердің өсуі шамамен 10- 15%-ті құрайды. Орташа алғанда өсім 20-30% болады.
Министрдің айтуынша, инфрақұрылымның тозуы барлық түрлерде бар. Тарифті көтеруден түскен ақша инфрақұрылымды жаңартуға жұмсалады дейді министр.
«Инфрақұрылымы тозған, құбырлар, желілер, су құбырлары тозған. Әсіресе кәріз жүйесі тозған, ондағы есепшоттар да аз. Орта есеппен екі бөлмелі пәтердің кәріз ақысы 200 теңге. Оны көбейту керек», — деп түсіндірді Қуантыров.
Ол су бойынша тариф өте төмен екенін айтты.
«Судың бір текше метрі – 44 теңге. Әрине, осыдан кейін су тиімсіз пайдаланылады. Мысалы, сіз моншаға барсаңыз, онда судың текке ағып жатқанын көресіз. Оны өшіру керек. Өкінішке қарай, үнемдеу жоқ. Өте маңызды ресурс болғандықтан, суды үнемдеуіміз керек», – деді Қуантыров.
Бүгінде суға 200-500 теңге төлейміз, деп атап өтті министр .»Сондықтан су тарифін айтарлықтай көтеруге болады. Олай істемесек, үнемдеу болмайды. Биыл тариф өседі», – деді Қуантыров.