Жолда жүру ережесіне енгізілген соңғы өзгерістер жүргізушілерді қуантып тастады. Әсіресе, автокөлік басқаруда сенім хаттың күшін жойғаны жаңалық болған. Сақтандыру компаниясы үлестіретін куәлікке басымдық берілді.

Жол жүру ережесіндегі соңғы өзгерістер жұртшылықты елең еткізді. Автокөлікті сенім хатсыз жүргізуге болмайды деген ұғым алынып тасталды. Бұл жүргізушілердің құжат топтамасының санын азайтты.

Есесіне, сақтандыру компанияларының қызметі артты. Сақтандыру куәлігінің күші қатайтылды. Қандай да бір көлікті жүргізгіңіз келсе, темір тұлпарын сақтандырған жанның құжатында сіздің де аты-жөніңіз болуы тиіс. Заңды құжатқа ең көбі сегіз адамды тіркеуге болады. Ол үшін ақы алмайды. Тек компанияларға артылатын жауапкершілік артады. Мұны осы салада 15 жылдық еңбек өтілі бар менеджер де мойындайды.

Бахыт Толқынбаева, сақтандыру компаниясының менеджері: «Біздің жұмысымыз қиындай түсті. Бұрын сенімхатпен жүрген жүргізушілер жұмысты қиындатып жіберді. Олар көліктің техқжатындағы кісіні танымайды. Оның жеке сәйкестендіру нөмірін алу үшін салық басқармасына барамыз. Ол жерде де таппай қаламыз. Ал қызмет ақысы сол баяғы күйінде қалған.»

Ал соңғы өзгеріс жүргізушілерге қиындық туғызбаған секілді. қайта құжаттар топтамасының азайғанына дән риза.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=JZqpMFWNKdY[/youtube]

Көлік тізгіндегендер де сақтандыру куәлігін таратушылардың қызметі алаңдатады. Көк қағазды қып-қызыл ақшаға сатып алатындардан бөлек жүргізушілерді сазға отырғызып кететін сақтандыру компаниялары көбейген. Оларға жүктелген жауапкершіліктің салмағы ауыр болғандықтан, құзырлы органдар қадағаласа дейді.