Құран жаттау- ең қасиетті амал. Шымкентте жас қарилер арасында Құран оқудан жарыс өтті. Облыстық орталық мешіттің ұйымдастырумен өткізілген сайыста қырық жасөспірім бақ сынады.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Tpivwfqx8nc[/youtube]
Олардың барлығы өздерінің қала-аудандарында 30 пара Құран оқып, қасиетті кітаптың сүрелерін жатқа айтып жеңіске жеткендер. Ақтық сында білгенінен жаңылмаса, бағалы сыйлыққа ие болады.
Айта өтейік, жас қарилердің байқауы біздің өңірде жиі ұйымдастырылып тұрады. Оған 7 мен 15 жасар еткіншектер қатыстырылады. Мұндағы мақсат — жас буынды имандылыққа тәрбиелеу.
Мұхамеджан Естеміров, облыстық мешіттің наиб-имамы: «Пайғамбарымыздың (с.а.с) хадисінде Құран жаттаған адамға қияметте тәж кигізіледі деп айтылған. Сондықтан да мәртебесі биік. Құран тек қана өлім-жітімде оқылмайды. Ол — сіз бен біздің өмір сүру ережеміз. Құранда ғылым да бар. Құранда барлық сала қамтылған.»