Шымкентте бес мың адамға арналған мешіт ашылды

Кім жер бетінде Алланың үйін салуға атсалысса, Алла тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды
Кім жер бетінде Алланың үйін салуға атсалысса, Алла тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды
Кім жер бетінде Алланың үйін салуға атсалысса, Алла тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды

Бұрын соңды болмаған облыстық мешіт. Шымкентте ерекше сәулетімен салынған зәулім мешіт мұсылман жамағатының пайдалануына берілді. Шаһардың батыс бөлігінен бой көтерген Алланың ақ үйінде енді бір мезетте 5 мыңға жуық адам құлшылық ете алады. Құрылысы бес жыл бойы жүрген имандылық үйі «Заид бен Сұлтан Әл-Нахаян» қайырымдылық қоры есебінен жүргізіліпті.

Қасиетті жұмаға сай келген зәулім мешіттің салтанатты ашылуы саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күнімен тұспа тұс келді. Ата-баба рухын сыйлаған ұлт емеспіз бе, алдымен құрбандық шалынып, арманда кеткен боздақтар үшін құран бағышталды.

Алланың бұл ақ үйі араб әмірлігіндегі қайырымдылық қорының есебінен салынған. Облыс басшысының имандылық үйінің сәулетін араб ағайындарға таныстырып жүруі де сондықтан. Мешіттің құрылысына 1 млрд. 600 млн. теңгеден астам қаржы жұмсалыныпты. Жаңа нысан сыйымдылығы жағынан Елордадағы Хәзрет Сұлтан мешітінен кейінгі екінші орында деседі білетіндер. Мұнда бір мезетте 5 мыңға жуық мүмін жаратқанға сыйына алады екен.

Ержан қажы МАЯМЕРОВ, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти: «Бұл 2008 жылдан бері басталып, бүгінгі күні бітіп отыр. Қаражаты 11 млн. доллардай кеткенін естіңіздер. Сондықтан бұл бүгінгі таңға ғимарат, ең бастысы ашылып жатыр, Иншаллаһ». http://www.muftyat.kz/index.php?newsid=8106

Айта кету керек, жаңадан пайдалануға берілген бұл имандылық үйі осы облыстағы мешіттердің ең үлкені болып отыр. Онда келуші жамағатқа барлық жағдай жасалған. Озық сәулет үлгісімен көріктендіріліп, көгалдандырылған нысан маңында тіпті, автотұрақ та қарастырылған. Жаратқанға мың шүкірлер айтқан жамағат бірлесе отырып, жұма намазын оқыды.

Мақсат ЖҰМАҚҰЛОВ, қала тұрғыны: «Мешіттің көркі сұлу, керемет, сөзбен айтып жеткізе алмауға болады. Бұл мешітке ниеттеніп, қаншама қарындас-бауырларымыз, қаншама жамағат мұсылмандар күннің астында ыстықта тұрып, шин ниетпен, дұға-тілекпен келіп отыр. Осындай мешіттерді бізге нәсіп ете берсін».

Қазір елімізде 2500-ге жуық имандылық үйі бар болатын болса, бұл жаңа нысан осы өңірдегі 748-ші мешіт болып ашылып отыр. Архитектуралық кескіні айрықша, ақ күмбезді Алланың ақ үйі енді Шымкенттің орталық мешітіне айналмақшы.

облыстық мешіт

 

облыстық мешіт

облыстық мешіт

облыстық мешіт

облыстық мешіт

облыстық мешіт

облыстық мешіт

облыстық мешіт

облыстық мешіт

облыстық мешіт

облыстық мешіт

облыстық мешіт

облыстық мешіт

облыстық мешіт

облыстық мешіт

облыстық мешіт

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=lCSw8rxAOTI[/youtube]