18 тамыз — шекарашылар күні

1127

«Конституцияға адалмыз!» Дәл осындай атаумен бастау алған акция «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылық әскеріне қарасты Шымкент гарнизонында жалғасты. Республика бойынша ұйымдастырылған шараға 30-дан астам құрлық әскері бөлімінен 40 мыңға жуық сарбаз қатысты.

Сондай-ақ, 18 тамыз — шекарашылар күні мерекесінде бейбіт күннің тыныштығын қадағалаған шекарашыларға жүктелген міндет зор.

002

Шекарашы Дәурен Андасов жұбайымен конституцияның 20 жылдығы аясында ұйымдастырылған шарада үздік отбасы номинациясын жеңіп алды. Бұдан басқа өз саласында қалтқысыз қызмет жасап жүрген шенділер де басшылық тарапынан марапатқа ие болды. Конституция мерекесінің аясында қолға алынған шараның көздегені — Ата заңның абыройын асыруды насихаттап, жас ұрпақты саналы тәрбиеге баулу.

004

Айлап, жылдап жырақта жүріп, шекара шебін қорғайтындардың жұмысы қай кезде де қырағылықты талап етеді. Атаулы күн Оңтүстікте сап түзеген сарбаздардың шеруімен тойланбаса да жауынгерлер бейбіт өмірдегі жиынның қадірін жақсы біледі.

Ғабит Салимов, 20/41 әскери бөлімі командирінің орынбасары: «Қазіргі жағдай мүлдем қиын емес. Елбасының қолдаумен жаңа құралдар, жаңа техникалар қамтамасыз етеліп, орын алып жатыр.»

Ел қорғаған батырлардың ізін жалғасытырып келе жатқан шекарашы шенділер жұмыстарын абыроймен атқарып келеді. Олар ел тыныштығын сақтауды өмірлік міндеті ден санайды.