Билбордтар неге азайған…

689

Өңірімізде мемлекеттік сатып алу бойынша заңсыз әрекеттер тыйылар емес. Бұған мемлекеттік органдардың ықпалы бар. Бұл жөнінде құқық қорғаушылар мен әкімдік өкілдері, депутаттар және жергілікті кәсіпкерлер қатысқан жиында айтылды. Басқосуда жарнамалық компаниялардың өкілдері де өз жұмыстарының жандануына шымкенттік шенеуніктердің кедергі келтіретінін жайып салды.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия әңгімені алдымен мемлекеттік сатып алудың бүгінгі жағдайынан бастады. Жиналғандар тендерлік комиссияны басқарған Түркістан қаласы әкімі орынбасарының қадамын талқылап, оған заң жүзінде қатаң жаза тағайындауды қадағалайтындарын жеткізді.

Бұған қоса прокуратура мамандары Шымкент қаласы әкімдігінің жарнамалық компаниялардың жұмысына кедергі келтіруін жасырған жоқ. Олардың уәжін кәсәпкерлер палатасының өкілдері жеткізуге мәжбүр болды.

Әбдуғали Сейдуәлиев
Әбдуғали Сейдуәлиев

Әбдуғали Сейдуәлиев, облыстық жарнама агенттіктері қауымдастығының төрағасы: «Баяғыда бізде билбордтардың өлшемі 3 Х 6 метрболған. Ол өте жақсы, ыңғайлы еді. Қазір ол өлшемге тыйым салынды. 3 Х 4 метр өлшемге ауыстырды. Бізге көше де берілген жоқ. Қала бойынша көшелерге 3-те 4 өлшемі бойынша қойыңдар деп жатыр. Ал 3-те 6-ны қала сыртына қолданыңдар дейді. Сонда қалай?! Ол жаққа ешқандай тұтынушы тапсырыс бермейді ғой? Одан кейін біз қаланың 12 көшесіне 3-те 6 метр өлшемдегі жарнама тақтайшаларын қояық деп тағы ұсыныс жасадық. Мұны қоспағанда жан-жақтан тексеру көп, заңсыз тексеру шаршатты.»

Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласында 25 жарнама компаниясы бар. Олар жарнама тақтайшалары-билбордтарды жасап, хабарлама қағаздарды дайындаумен айналдысады. Кәсіпкерлердің сөізне сенсек, өнімдерінің көлемі 3 Х 4 метр болғалы банкротқа ұшырау жағдайлары жиі орын алады.

2012 жылы қала бойынша жарнама тақтайшаларынығ саны 552 болса, бүгінде 312-ге кеміген. Бұл жағдайдан хабардар кәсіпкерлер палатасының өкілдері мәселенің ушығуын жергілікті билік өкілдерінен көреді.

Ғазизбек Натбаев, облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары: «Әр қаланың әкімі ауысқан сайын жарнама саласында қызмет етіп жатқан кәсіпкерлерге әр түрлі талаптар қойыла бастайды. Мысалы, бір әкім келіп 3 Х 6 метр тақтайшаны талап етсе, екіншісі келіп 3 Х 4 метр, айналып тұратын үлгісін қой дейді. Мұның барлығы да тиянақты тәртіптің бекітілмегенінен орын алып келді. Алайда қазіргі уақытта үкімет қаулы қабылдады, заңға өзгеріс енгізді. Енді жарнама саласын реттеу туралы нормативтік-құқықтық актілер тек қана үкімет тарапынан бектілуі қажет деген талап енгізілді.»

Кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің айтуынша, жергілікті әкімдіктің шаһарамыздағы бірқатар сауда қатарларын бұзып тастауы да заңсыз әрекет екені анықталыпты. Енді мемлекеттік орган басшыларының тарапынан кәсіпкерлік саласына қатысты жасаған заңсыз әрекеттері мен табыстарына заңсыз қол сұғуы мәселесі заң жүзінде қаралмақ.