Мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлердің қатары көбейеді

387
Кәсіпкерлер палатасының

Мүмкіндігі шектеулі жандар енді үйде отырып-ақ кәсіпкерлікті меңгере алады. Тіпті, өз бизнесін ашуға да мүмкіндік бар. Бұл жөнінде мемлекеттік қызметкерлер, мүгедек жандар және БАҚ өкілдерімен өткен кездесуде облыстық кәсіпкерлер палатасының басшылығы мәлімдеді.

Мақсат Сәрсенбаев
Мақсат Сәрсенбаев

Мақсат Сәрсенбаевтың өз кәсібін ашып, жеке кәсіпкер атанғанына  небәрі 3 ай уақыт болды. Көздің жауын алар қолөнер бұйымдарын жасап, оны саудаға шығаратын Мақсаттың қол астында әзірге 5 адам ғана қызмет етеді. Жас еңбеккердің айтуынша, кәсіпорынға айына 40 мың теңгедей таза пайда түседі.

Мақсат Сәрсенбаев, жас кәсіпкер: «Кәсіпкерлікті қолға алған себебім, мен сияқты өзге де жас қолөнершілер жұмыссыз, үйде қол қусырып отырмаса екен деймін. Ешкімге алақан жайып, арамтамақ болудың қажеті жоқ. Сондықтан, біржағынан өзімді ғана емес, өзге де мүгедектерді қолдау ретінде кәсіпті аштым. Алдыңғы жылы осы «Даму» қоғамдық қорының өткізген сабақтарын 9 ай бойы оқыдым. Ағылшын тілі және басқа да сабақтар бойынша білімімді арттырдым. Енді бұл оқуға келген себебім, жасаған еңбектерімді көрсету үшін ғана емес, тендерлерге қалай қатысу керек екенін үйренгім келеді.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=zkP8Yjjj-Mo[/youtube]

Ал облыстық кәсіпкерлер палатасы мамандарының айтуынша, жаңа пилоттық жоба бойынша мүгедек жандар бизнес жоспар түзіп, оны жүзеге асыруды үйренеді. Сабақ – тегін, ғаламтордағы «Skype» желісі арқылы жүргізіледі. Екі мұғалім 3 сағаттан аптасына 5 рет дәріс оқиды, кәсіпкерлік курсы 3 ай деп жоспарланып отыр. Күн тәртібі әр оқушымен жеке келісіледі. Осылайша жобаға 18-29 жас аралығында 30 жарымжан жан қатыстырылады.

Айта кетейік, облыстық кәсіпкерлер палатасы сабаққа қатысып, белсенділік танытқан мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қызметке орналасуын да қамтамасыз етпек.

Кәсіпкерлер палатасының
Кәсіпкерлер палатасы мүгедектерге қолдау көрсетпек

Ғани Қарабеков, облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары: «Бізде ірі кәсіпорындармен жасасқан меморандум, келісім-шарт бар. Осы мүгедек жандарға көмектесу керек. Көмектескенде, мысалы, олар қызметке орналасқаннан кейін, жұмыстан шығып кетпеуі керек. Бізде әлеуметтік бағыт бар. Соңына дейін сол шаруаны қадағалап отырады.»