Шымкенттегі «ЛТД Тұрмыс» ЖШС саудаға түсті. 11 жыл бойы шаһардың шырайлануына үлкен қосқан мекеме 370 млн теңгеге бағаланды. Серіктестіктің саудасы екі мәрте аукцион өткізумен қызды. Сөйтіп, аты дардай мекеменің 51 пайыз акциясын жеке азамат иеленді.
Айта кету керек, 2006 жылы құрылған құрылымның барлық пакеті қала әкімдігіне қарасты болған. Серіктестікте 100-ден астам техника мен 1000-нан астам жұмысшы бар.
Сондай-ақ, техникалық инспекция мен қоғамдық көліктердің жұмысын қадағалайтын диспечерлік қызмет мекемесі де жекеге сатылған болатын.
Нұрлан Жаңабай