Оңтүстік оқулық таратудан кешікті

316

Мектептерді оқулықпен қамту мәселесі толығымен шешілді. Бұл туралы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары Әлтайыр Ахметов мәлім етті. Астана, Алматы қалалары мен Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Ақмола, Атырау, Алматы, БҚО, ШҚО және Қызылорда облыстары тамыздың 10-ына дейін мектептерге оқулықты жеткізіп үлгерген.

006

Ал Оңтүстік Қазақстан облысының білім ордаларына дер кезінде кітап үлестірілмепті. Жоспарды толықтай жүзеге асыру үшін 1 млрд теңге қажет. Биыл қажетті оқулықтардың нақты тізімі уақтылы жасалмай, соның салдарынан қаржы жетпей қалған. Дегенмен, министрліктегілер «Барлық оқушыға оқулық таратылады, сондықтан ата-аналарға алаңдауға негіз жоқ» деген мәлімет таратты.