Шымкент қоқыс зауыты қалдықтарды өңдеп үлгермеуде

668

Шымкентегі алғашқы қоқыс өңдеу зауыты тірліктің үдесінен шыға алмай отыр. Көп жыл бойы күткен іс көңілден шықпады. Жылына 170 мың текше метр қоқыс өңдеуі тиіс зауыт қаладан шыққан қоқыстарды игере алмауда.

003

Бүл зауыттың іске қосылғанына төрт ай болды. Осы уақыт аралағында 30 тоннаға жуық қоқыс өңделіпті. Бар қиындық қаражатта дейді мамандар. Жалақы мәселесі қиын. 30 жұмысшы бір ауысымда жұмыс істейді. Әлі дайын шикізат сатылмапты. Оңтүстіктің аптап ыстығында қолқаны қабатын иіске шыдау мүмкін емес, сол себепті жұмысшылардың тұрақсыздығы байқалады.

004

Шымкент қаласы бойынша жаңа қоқыс алаңына күніне 200-ге жуық көлік қатты тұрмыстық қалдық тасымалдауда. Өкінішке орай соның бар болғаны 2 пайызы ғана қоқыс өңдеу зауытынан өтеді. Қалғанын полигонға жинап, көмуге тура келеді. Жоспар бойынша мұнда өңдеуден қалған қалдықтар ғана көмілуі тиіс болатын. Ол аз десеңіз, жаңа полигонда су да жоқ. Қазылған ұңғыманың суы тартылып кетіпті.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=5oEd2KFHDcg[/youtube]

Қалай болғанда да қаладағы алғашқы қоқыс зауытың басшылары жағдайды дұрыстаймыз деп отыр. Қоймада жиналған шикізат сатылса, жұмыс күшін көбейтіп, екі ауысымға ауыспақ. Жұмысшылардың еңбекақысын да көбейтіп, ынталандыру сыйлықтарын да енгізбек. Әзірге қолда барға қанағат.

Нұрлан Жаңабай