Сансыз баптар мекенінде құран бірнеше жерде бағышталды

Өлі разы болмай, тірі байымайды. Қаратау аудандық әкімдігі және ардагерлер кеңесі ұйытқы болуымен киелі Сайрам жеріне зиярат ұйымдастырылды. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, сансыз баптарға  құран бағышталды.

vlcsnap-2015-09-17-18h06m20s221

Қаратау ауданның қарттарынан құралған топ тәуелсіздігіміздің жолында құрбан болған жандарды еске алды. Бірінші болып, сопы Қожа Ахмет Ясауидің әкесі Ибрагим атаның кесенесіне тәу етті. Сондай-ақ, Қарашаш ананың басына келіп құран бағыштауды ұмыт қалдырмады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Pt3ASZVlOMs[/youtube]

Шара аясында Сайрамдағы сансыз бапқа арнайы келгендерге құрмет көрсетілді. Облыстық өзбек театры Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған қойылымын ұсынды. Онда хандықтың құрылуы суреттелген.

Сансыз баптар мекенінде құран бірнеше жерде бағышталды
Сансыз баптар мекенінде құран бірнеше жерде бағышталды

 

Хандарды ұлықтаған қойылымды көзіне жас ала тамашалағандар көп болды. Айтпақшы, Жоңғарларға қарсы үш шайқасты бинелеген сахналық қойылымдағы билер мен сұлтандардың рөлін белсенді зейнеткерлер сомдады.

 

Мырзахмет Тажиметов , Сайрам ауылының ақсақалы:»Мен Қазақ хандығының 550 жылдығына қуаныштымын. Қазақ батырлары елді, жерді жаудан қорғады. Мұны өсіп келе жатқан әрбір жас білуі тиіс».

Әбілхайырдың ақ киізге отырғызу сәтінен сахыналық көрініс
Әбілхайырды ақ киізге отырғызу сәтінен сахналық көрініс