Қазақтың өз «Ералашы» бар. Шымкентте балаларға арналған «Бала шоу» комедиялық жанрдағы фильмінің тұсаукесері өтті.
Ойын күлкіге құрылған қысқа метражды туындыдағы кейіпкерлердің барлығын «Азия интернэшнл» сән мектебінің бүлдіршіндері сомдады.
Балалар базарлығы қазақ тілінде түсіріліп, монтаждау жұмыстары бір айдан аса уақытты қамтыған.
Фильмнің режиссері — Шапағат Орынбаев. Әзіл-қалжыңға толы жаңа дүниенің оқиға желісі өмірден алынған,- дейді түсіру тобының мүшелері.
Жақын күндері «Бала шоу» республикалық, жергілікті телеарналардан көрсетілмек. Бүлдіршіндер тамашалай алатын фильмнің жалғасын түсіру жоспарда бар.