Облыста екі жарым мыңға жуық бала жүрек ақауымен тіркеуде тұрады

290
мұндай шаралардың жергілікті дәрігерлерге берері көп

Бүгінде облыста екі жарым мыңға жуық бала жүрек ақауымен тіркеуде тұрады. Олардың тең жартысына ота жасалуы қажет. Бұл туралы облыстық балалар ауруханасында өткен жүрек ақауын емдеуге арналған шеберлік сабағында мәлім болды.

мұндай шаралардың жергілікті дәрігерлерге берері көп
мұндай шаралардың жергілікті дәрігерлерге берері көп

Шеберлік сабағын Татарстаннан келген дәрігерлер жүргізді. Айта кетейік, жыл басынан бері жүрек ауруы асқынған 200-ден аса балаға ота жасалған.Олардың арасында, тіпті, жасына толған бүлдіршіндер де бар.

Ақ халаттылар облыста тағы жүзден аса науқасқа осындай ота түрін жедел түрде жасау қажет дейді. Мамандар операцияны өмірі қыл үстінде тұрған сырқат бүлдіршіндерге бір ай мерзімде жасауымыз қажет деп отыр.