Қаза болған оңтүстікқазақстандық сарбаз «Спецназ» болуды армандаған

1158
Жолдыбай Бауыржан Мадиярұлы

Отан қорғаймын деп, опат болды. Каспий теңізінде өткен «Орталық — 2015» оқу-жаттығуы кезінде қаза тапқан төрт жауынгердің бірі — оңтүстікқазақстандық. Денесі күні кеше жер қойнауына тапсырылған солдат небәрі он тоғыз жаста болған. Жолдыбай Бауыржан Мадиярұлының əскерден оралуына небәрі бір айға жетпейтін уақыт қалған еді.

Жолдыбай Бауыржан Мадиярұлы

Жолдыбай Бауыржан Мадиярұлы 1996 жылы дүниеге келген. Былтыр мектеп бітіріп, күзде əскерге аттанған екен. Жас жігіт əскери билет алып, арнайы жасақта қызмет етуді армандапты. Сарбаз антына адал болды.

vlcsnap-2015-09-21-17h23m08s125

Сарбаз соңғы рет анасымен телефон арқылы сөйлесіпті. Екі аптадан кейін жолға шығатынын әрі жол жүру билетін алып қойғанын айтқан. Бауыржан — отбасындағы екі ұлдың бірі болатын. Артында қайғы жұтып әкесі мен анасы, ағасы қалды. Қара жамылған  отбасына Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтің көңіл айту жеделхаты келіпті. Дегенмен, ата-анасы көңіл жұбатқан хатта қателер өріп жүргенін айтып налып отыр. Айтуларынша, хатта мекенжайы дұрыс көрсетілмеген. «Созақ ауданы, Чапаевка ауылы» деп жазылған. Шын мәнісінде, Бауыржан Жолдыбай — Шымкент қаласының тумасы.

123


Ал бүгін Оңтүстік әкімдігінде бас қосқан ҚР Қарулы күштерінің өкілдері Каспий теңізінде өтіп жатқан әскери жаттығуда суға батыпкөз жұмған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

vlcsnap-2015-09-21-17h50m20s20_296x167

Бейбіт Атамқұлов, ОҚО әкімі: «Жақында Ақтауда, бейбіт аспан астында әскерде елдің тыныштығы үшін борышын өтеп жүрген жас жауынгерлер мезгілсіз қаза болды. Төрт жігіттің бірі біздің жерлесіміз — Бауыржан Жолдыбай. Жасынан қыршын кеткен жауынгердің ата-анасына, туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Еліміздің тыныштығы үшіне жанын пида етіп, патриоттық рухын асырып, әскери борышын өтеп жүрген жастардың ерен ерлігі өскелең ұрпаққа үлгі болатындығына сенемін», — дейді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=PflTQZGlXjs[/youtube]

Еске салсақ, қайғылы оқиға Ақтаудағы «Оймаша» полигонынан 5 шақырым қашықтықта болған. Каспий теңізіне түсірілген төрт бірдей «БТР-80» ұрыс машинасы жағадан шамамен 150 метр ұзаған соң, қатты жел мен толқынға ұрынып, суға батып кеткен. Суға кеткен 4 жауынгер де мерзімді қызметін өтеушілер.