Облыстық әділет департаменті 9 бос лауазым орнына конкурс жариялады. Бос орындарға құжат тапсырудың алдында үміткер мемлекеттік тест тапсырып, сертификат алуы қажет. Таяуда осы ережені бұлтартпай орындаған алты үміткердің құжаты қабылданып, ашық конкурс өтті.
Конкурсқа мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің өкілі шақырылған. Комиссия мүшелерінің оң қортындысын алған үміткерлер қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмысқа қабылданатын болады.