Úı ANONS Биыл Түркістан қаласына 350 млрд. теңге инвестиция тартылмақ

Биыл Түркістан қаласына 350 млрд. теңге инвестиция тартылмақ

Былтыр Түркістан қаласында халықтың табысын арттыру мақсатында арнайы жұмыспен қамту картасы құрылды.

Жоба аясында 2022 жылы 2 жарым мың жаңа жұмыс орны ашылды. Оның 675-і – тұрақты жұмыс. Ал биыл 5 мыңға жуық бос орын ашу жоспарланып отыр. Сонымен қатар күнгей шаһарға 5 жылда тартылған инвестицияның көлемі 8,5 есеге өскен.

Мәселен өткен жылы көрсеткіш 304 млрд. теңгені құрады. Биыл қала экономикасына 350 млрд. теңге инвестиция тарту көзделген.