ОҚО әкімі Бейбіт Атамқұлов отандық костюмді 20 мың теңгеге сатып алды

918

 

Фото19
«Алтын адам» костюмі

ОҚО әкімі Бейбіт Атамқұлов Сайрам ауданына жасаған іссапарында осындағы «GOLDEN NOMAD» тігін фабрикасына барып, осы фабриканың костюмін сатып алды.

Фото20
Фабриканың жанында арнайы дүкен бар
Фото11
Классикалық үлгідегі костюмдер мен сымдардың бағасы 20-25 мың теңге
Фото15
Облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов «GOLDEN NOMAD» костюмдерінің әралуан өлшемін киіп көрді
Фото14
Бұл өлшемдегі костюмнің өлшемі үлкен болды
Фото16
Және басқасын киіп көретін болды
Фото13
Өзіне шақ келетін өлшемдегі костюмді таңдау
Фото18
Барлық костюмдердің ішкі төс қалта тұсына арнайы «GOLDEN NOMAD» тігін фабрикасының заттаңбасы жапсырылған
Фото16
Таңдау осы. Бағасы — 20 мың теңге

[youtube]https://youtu.be/aWdozTjhE38[/youtube]

Мұндағы костюмдер 20-25 мың теңгеден сатылады. Өңір басшысы солардың арасынан 20 мың теңгелік «Алтын адам» маркалы костюмді таңдады.

Фото1
ОҚО әкімі мен тігін фабрикасының бас директоры Жанаргүл Жаңабекова

«GOLDEN NOMAD» маркалы тігін фабрикасы — республикамыздағы ерлер костюмін және сымдар тігетін жалғыз кәсіпорын. Классикалық үлгідегі ерлер костюмін тігетін бұл фабрика «Пирамида Өсімдік Қорғау-777» ЖШС-не қарайды. Күніне 500 костюмді сатылымға шығаратын фабрика Сайрам ауданын киіммен қамтамасыз етеді. Фабрика басшылығының айтуынша, кәсіпорынның өнім шығару қуаттылығы облыс жұртшылығының сұранысын қанағаттандыруға толықтай жетеді.

Фото4
80 адам жұмыс істейді
Фото8
Дайын өнім

Жылына 26 400 дана костюм, 52 800 дана сым тігеді. Жылдық ақшалай қуаттылығы 290, 4 млн теңге. Түркияның «ASTRON», Жапонияның «Juki Corporation» қондырғыларын пайдаланады.

Фото6

Фото7

Фото3

Мұнда 80 адам жұмыс істейді. Оның 30-ы «Жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында жұмысқа орналасқан. Өткен жылдың 18-сәуірінде ашылған фабриканың жобалық құны — 158, 0 млн теңге. «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша 110, 0 млн теңге қаржы алған.

Фото5
«GOLDEN NOMAD» маркалы тігін фабрикасының Бас директоры Жанаргүл Жаңабекова

Тігін фабрикасының бас директоры Жанаргүл Нұрғалиқызының сөзінше, костюмдерді бұған дейін 13-15 мың теңгеден сатыпты. Қыркүйек айынан бастап 20-25 мың теңге аралығында сатып жатыр. Фабрикада күніне 500 костюм тігіліп, сатуға шығарылады. Қазан айының ортасында тағы бір бөлім ашылады. Онда әйелдер киімі тігіледі.

[youtube]https://youtu.be/8O020eaI_2k[/youtube]

фото: Жәнібек НҰРЫШ