Оңтүстік ЭКСПО-2017 нысандарына құрылыс материалдарын жеткізеді

303
ЭКСПО

Оңтүстік Қазақстан облысы «ЭКСПО 2017» көрмесіне қажетті құрылыс және жиһаз өнімдерін жеткізуде. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев мәлім етті.

ЭКСПО— «ЭКСПО-2017» секілді ірі жобалар біз үшін қосымша нарық болып табылады. Әсіресе, құрылыс материалдарын өндіретіндерге керек бағыт. Осы орайда Кентау трансформатор зауытынан трансформаторлар мен Шымкенттен металл өнімдерін жеткізу бойынша келісім-шарттар бар. Сонымен қатар қазір 50 мың текше метрден астам көлемде цемент тасымалы жүзеге асырылуда. Жиһаз жеткізу бағытында кәсіпорындарды тартып отырмыз. Бізде шетел инвесторларының қатысуымен құны 20 млн долларға ірі жиһаз фабрикасы салынуда. Яғни, бірнеше бағытта жұмыс істеп жатырмыз,-деді С. Тұяқбаев.

Орынбасардың айтуынша, Оңтүстіктегі «Азия керамика» кәсіпорны ЭКСПО нысандарына керамика плиталарын жеткізуге дайындалып жатыр. Индустрияландыру картасы аясында облыста 137 жоба іске асырылып, проблемалы кәсіпорындарды сауықтыру бойынша жоспар қабылданды.