Шымкент: Дендросаябақта сирек кездесетін ағаш тұқымдары көбейтіліп жатыр

21

Шымкенттегі Асанбай Асқаров атындағы мемлекеттік дендрологиялық саябағында сирек кездесетін ағаш тұқымдарын жасыл қаламша әдісімен көбейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Саябақ мамандары биыл “Қызыл кітапқа” енген және сирек кездесетін ағаш-бұтаның 40 түрінен 100 келіден астам тұқым жинады.

Атап айтқанда, емен, өрік, лапина, калина, кавказдық таудаған, соғды шағаны тұқымдары алынды. Қазіргі таңда жиналған өнімдер тазаланып, кәсіби кадрлардың қатысуымен стратификациядан өткізілуде. Мамандардың айтуынша, жиналған бұл тұқымдар көктем мезгілінде қайта себіліп, одан 5000-нан астам ағаш көшеттері өсіріледі.