Канадалықтар Оңтүстіктің ауыл шаруашылығын дамытуға ниетті

412

 

атамкуловӨңірімізде шетелдіктер жүр. Бүгін облысқа Канаданың еліміздегі Төтенше және өкілетті елшісі мен Малайзияның білім басшылары келді. Канадалықтар ауылшаруашылығын дамытуға атсалыспақ, ал малайлық қонақтар техникалық колледж салуға ниетті.

Канадалық қонақтарды қарсы алған өңір басшысы алдымен инвестициялық мүмкіндіктерді талқылап алды. Ауылшаруашылығының әлеуетін ескерген Бейбіт Атамқұлов шетелдіктерді агрожобаларды іске асыруға шақырды. Ет, сүт бағытында тыңнан түрен салып, дәнді дақылдардарды өңдеуді ұсынды. Өңір басшысының ұсыныстарын саралай келе Шон Перри Стайл өз таңдауын жасады.
Ал малайлықтар өңірімізге техникалық колледж салуды көздеп келіпті. Оқу орны бүгінде еңбек нарығында тапшы мұнай-газ, машина құрылысы, электрик, дәнекерлеуші сияқты бірқатар техникалық мамандықтарды дайындайды. Алайда, нақты жобамен келген малайзиялық қонақтармен кездесу қысқа қайырылды. Себебі, аударманың әлсіздігінен екі тараптың өзара түсінісу қиынға түсті.
Осылайша жобасын жіті таныстыра алмай дал болған қонақтар жергілікті білім саласының басшыларын өздеріне қонаққа шақырды.
Колледждегі тыныс-тіршілікті көзбен көріп, жобаның тиімділігін бағамдау үшін жуырда біздің делегат Малайзияға аттанатын болды. Ал канадалықтардың іс сапары екі күнге созылмақ. Мәртебелі меймандар облыстағы бірқатар кәсіпкерлік нысандарда болып, жергілікті өндіріс ошақтарының жағдайымен танысады.