«Ордабасы құс» өнімдері — мектеп асханаларына!

Шұжық.

«Ордабасы құс» фабрикасының өнімдері мектептердегі ас мәзіріне кіру қажет.» Отандық өнімнің өндірілу барысымен танысқан өңір басшысы Бейбіт Атамқұлов осылай деді. Бүлдіршіндірге шетел асқан тауық етін емес, сапалы күркетауық етін беруді ұсынды. Өңір басшысы, сондай-ақ, өндіріс орнының экспортының ұлғайтуды тапсырды.

"Ордабасы-құс" фабрикасы. Шұжық цехы.
«Ордабасы-құс» фабрикасының шұжық цехы

«Ордабасы құс» фабрикасы — үдемелі индустириалды инновациялық бағдарлама аясында жүзеге асқан жоба. Соңғы бес жылда өндіріс орны отандық тауар өндірушілердің арасынан өзінің орнын нық белгілеп алды. Оған қоса өндірілген еттің отыз пайызын Ресейге экспорттап үлгерген. Жылдық қуаттылығы 8 мың тонна болғанымен, оны артығымен орындау мақсатқа айналған. Өйткені отандық нарықты толық қамту жоспарын жүзеге асырулары тиіс.

Бейбіт Атамқұлов. "Ордабасы-құс" фабрикасы. Шұжық
Облыс әкімі «Ордабасы-құстың» өнімдерімен танысуда

Мұрат Тағаев, «Ордабасы Құс» ЖШС директоры: «Биыл экспортты қырық пайызға арттыруды көздеп отырмыз. Өйткені сұраныс көп. Ресейден келетін тапсырыстың саны артқан. Қазақстаннан басқа, Ресейдің ірі қалаларында біздің өнімге сұраныс артқан».

Бүгінде құс фабрикасында диеталық еттен бастап өнімнің 75 түрін шығару жолға қойылған. Кәсіпорынның қарқынды жұмысымен танысқан облыс басшысы Бейбіт Бәкірұлы сапаға көңіл бөлді. Өнімнің өндірілу барысы көңіліне қонса керек, оны мектептер мен аурухана асханасында қолдану қажеттігін айтты. Арнайы ұсыныс жасап, мемлекеттік сатып алу шарттарына енгізуді тапсырды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=QRV6fXEs3PA[/youtube]

Бейбіт Атамқұлов, облыс әкімі: «Шетелден келіп жатқан құс еттерінің сапасын білмейміз. Санитарлық қадағалаудан өткенімен, өзімнің тауарға жетпейді. Міне, сапасы жақсы, бағасы қалта көтерлік. Ең бастысы — біздің өнім, өзіміздің көз алдымызда жасалады. Жергілікті өнім болғандықтан, үнемі бақылауда ұстап тұруға болады. Ал шетелден келген ет — біз үшін танымайтын өнім».

Фабрикада 400 адам қызмет етеді. Жұмыс бір ауысымда болғандықтан әрбір цехтың күн тәртібі қауырт. Бахтияр Жұмаханов — сою бекетінің басшысы. Қарамағында жиырма жұмысшысы бар. Олардың барлығы соңғы үлгіде жабдықталған аппараттардың көмегімен межелеген күндік жоспарын орындап үйренген.

Шұжық. "Ордабасы-құс" фабрикасы

«ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржылай қолдауымен іске асырылып жатқан фабрика — Оңтүстіктің мақтанышы. Компанияның кешендi жоспарына сәйкес 2017 жылға дейiн өндiрiстің қуатын 25 000 тоннаға жеткiзу көзделіп отыр. Әлемдік технология негізінде бой көтерген «Ордабасы-құстың» дәмді, сапалы өнімдері осылайша еліміздің ғана емес, шетелдің тұтушыларының да көңілінен шығатын күн жақын.