Кейбір мектеп асханаларында шұлық сатылады

369

Облыстағы кейбір мектептердің асханаларында шұжық пен шұлық та сатылады. Бұл масқара әрекеттер бүгін өткізілген облыстық тұтынушылар құқын қорғау департаментіндегі дөңгелек үстел барысында айтылды. Басқосу білім саласындағы осындай түйткілді мәселелерге арналған болатын.

007

Санитарлық мамандар мен тұтынушылар құқығын қорғау ұйымдарының өкілдері білім саласындағы олқылықтарды тізбектеп шықты. Оқулықтардың жетіспеушілігінен бастап асхананың жағдайына дейін сынға ілікті. Тамақтану орындарындағы азық-түліктің сақталуынан бастап ас мәзірі мамандардың көңілінен шықпайды. Онда рұқсат етілмеген түрлі сусындар мен тамақ өнімдері, тіпті, киім-кешек те саудаланып жатқан көрінеді.

Айта кетейік, биылдан бастап оқушылардың ыстық тамағына бөлінген қаражат көлемі артып отыр. 31 мыңнан астам оқушыны тамақтандыру үшін үстіміздегі жылы 1 млрд 100 млн теңгеге жуық қаржы қаралды.

Осыған дейін әрбір оқушының бір күндік тамағына 161 теңге жұмсалып келген болса, қазір ыстық тамақ құны әрбір оқушыға шаққанда 263 теңгеге түседі. Алайда, шәкірттердің ас мәзірін тұтунышылардың құқығын қорғау департаменті ұсынғанымен, асханалардағы жағдайды мекеме тек шағым түскенде ғана тексере алады.

Жыл басынан бері тұтунышылардың құқығын қорғаушылар 178 мектепте жарықтандыру бойынша арнайы тексерулер жүргізген. Нәтижесінде 25 білім ошағының жарықтандыруы санитарлық нормаға сай болмай шыққан. Қазір кемшіліктерге жол берген мектептерге ескертулер жасалып айыппұл салынды.

[youtube]https://youtu.be/u0g2O-dQeU8[/youtube]