Полицейлер онлайн-сабақ өтті

444

Шымкентте мектеп оқушыларына жол жүру ережесі үйретілді. Әкімшілік полиция қызметкерлері қаладағы №8 гимназияда оқу жұмыстарын онлайн режимде өткізді. Тың тәсілдің көмегімен тәртіп сақшылары бірнеше білім ұясындағы шәкірттермен байланысқа шығып, жолдағы қауіпсіздік пен жаңа ережелерді түсіндіріп берді.

Айта кетейік, жыл басынан бері өңірімізде балалардың қатысуымен 381 жол апаты тіркелген. Оқыс оқиғаның салдарынан 35 бала мерт болса, 394-і жарақат алды.