Шымкентте су сапасы бұзылуы мүмкін

488
"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің зертханасы

Шымкентте ауыз су сапасының бұзылу қаупі жоғары. Өйткені, шаһардағы көпқабатты тұрғын үйлердегі су құбырының әбден тозығы жеткен. 1800-ге жуық көпқабатты үйдің тек 30 пайызында ғана су құбыры ауыстырылған. Ғалым Елеу Мұратұлы су шаруашылығын көптеген жылдар бойы зерттеген. Еліміз бойынша ең тәтті және сапалы су оңтүстікте екенін айтады. Оны сақтап қалу үшін, тозығы жеткен құбырларды тез арада ауыстыруды ұсынады.

"Су ресурстары-Маркетинг" ЖШС-нің зертханасы
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің зертханасы

Елеу Наурызбаев, профессор, техника ғылымдарының докторы:«Жаңағы лайлы су, балшық па, туалет, канализация бар ма, су құбырының тесіктерінен кіреді да тұтынушыларға жеткізеді. Сапасы бұзылған су адам денсаулығына өте қауіпті. Әлемде аурулардың 98 пайызы судан пайда болады».