Театр шымылдығы «Абылай ханның арманы» тарихи драмасымен ашылды

812

«Абылай ханның арманы». Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры жаңа 82-ші маусымының шымылдығын осындай тақырыптағы қойылыммен түрді. Қазақ хандығының 550 жылдығы құрметіне арналып сахналанған шығарманың авторы — Думан Рамазан, қоюшы режиссері — Қуандық Қасымов. Жаңа маусымда «Қара шаңырақ» тарихи қойылымды таныстырып қана қойған жоқ, шығармашылық топтағы оң өзгерістерді де қуана жеткізді.

Көпшілік елдің ішкі, сыртқы саясатын меңгерген хан Абылайдың аңыз қадамдарын бақылып, шытырманға шомып отыр. Тарихи туындыда Абылайдың елі үшін еткен еңбегі мен хандықты жаудың құрсауынан аман алып қалуы көрініс тапқан. Қазақ шаңырағының шайқалмауы үшін айтқан ұтымды уәждері, бұқараны басқарудағы тиімді тәсілдері де баяндалады. Көрермен қауым дара қолбасшының биліктегі саясатына да куә болды. Ал басты рөл хан Абылайды сомдау әдетегідей аға буын емес, театрдың жас әртісі Махметәлі Дәриевке бұйырыпты.

Бақтияр Спанов, көрермен: «Алған әсерім шексіз, әсіресе әртістердің рөлге енгенін көріп, таң-тамаша болып қалыдым. Шеберліктеріне ризамын. 100 пайыздың 90-нын орындады дей аламын. Бәрінен бұрын, Әбілхайыр, Абылай хандарымыздың оң жолын көрсетті». 

Шығармашылық ұжым 1,5 сағаттық спектакльді сахналау үшін 1 ай уақытын сарп еткен. Оған театрдың 60-қа тарта әртісі жұмылдырылыпты. Бірақ «қара шаңырақтағы» жаңа маусымның ерекшелігі тарихи қойылымды көпке ұсыну ғана емес. Шығармашылық топтың жас таланттармен толығуы дейді, ұжым өкілдері.

Сая Қасымбек, Ж.Шанин атындағы академиялық қазақ драма театры әдебиет бөлімінің меңгерушісі: «Біздің театрымызға биыл 4 актерды жұмысқа алдық. Олардың 4-уі де Т.Жүргенов атындағы өнер академиясын тәмамдап келген. Бұдан бөлек, тағы бір жас режиссермен толықтық. Жас маман театрдағы көлеңкелі қойылым жанрын меңгерген екен. Театрдың ішінен театрды ұсынатын көлеңкелік спектакльдің анимациялық бөлімері де бар. Енді мұның барлығын айтып қойсақ, құпия-сырын жоғалтады. Сондықтан, жаңа мұндай еңбектерімізді алдағы уақытта көрермендерімізге ұсынамыз деген ниеттеміз». 

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=ErX7bZj18Is[/youtube]

Тарихи шығарманың оқиға желісі бойынша Абылай хан жоңғарлардың қолына түседі, соңынан бодандықтан босаған кейіпкер елге оралады. Оның жолын тосқан жамағат қайта хан көтереді. Бұл көріністер көптің алдында — хандық дәуірін қайта жаңғыртты.