Тәртіп бұзушылық

Қала әкімдігі ұялы телефондағы Ватсап желісі бойынша тұрғындармен бірлесе жұмыс жасауды бастап кетті. Бүгін аталған байланыс желісіне тұрғындар тарапынан бірінші рет шағым түскен.

Тәртіп бұзушылық

Мәтінге сүйенсек, Желтоқсан көшесі мен Бауыржан Момышұлы даңғылының қиылысындағы әсемдік салонының қызметшілері жол бойына орамал-сүлгілерін жайып тастапты. Жағдайдан хабардар болған Абай полиция бөлімінің тәртіп сақшылары араға аз-кем уақыт салып, айтылған орынды тексереді.

Нәтижесінде әсемдік салонының басшылығына 20 айлық көрсеткішке тең айыппұл салыныпты. Енді қала билігі шаһар тұрғындарына келеңсіз жағдайдың куәгері болса немесе қала тынышына қатысты мәлелелер туындаса, міндетті түрде 8 777 885 85 13 ұялы телефонына Ватсап желісі арқылы хабарласуды сұрайды.