Шымкентте Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау жалғасып жатыр. Облыстық көрме орталығында ұлттық нақыштағы қолөнер мен баспа еңбектерінен көрме-жәрмеңке ұйымдастырылды. Шараға Оңтүстіктен өзге өңірлердің де қолынан балы тамған шеберлер шақырылған.

Көрме

Көрме

Көрме

 

Көрме

Көрмеге қазақтың ою-тастарымен көмкерілген сәукеледен бастап киім-кешек және ағаш пен киізден жасалған тұрмыстық заттар қойылған. Ал облыс оталығындағы «Ернияз» баспа үйінің мамандары мерейтой құрметіне 1 күннің ішінде 550 ұлттық жабдық-өнімдерін дайындап, мәдени шараға әкеліпті.

 

Көрме

"Ернияздың" ұжымы
«Ернияздың» ұжымы

Ербол Дайрашов, «Ернияз» баспа үйінің директоры: «Біздің өнімдердің сапасы жоғары, қай елдің де өнімін басып озады дей аламын. Шикізатты шетел, оның ішінде көршілес Ресей мен Қытайдан әкелеміз. Мекемемізде 20 адам қызмет етеді әзірге. Облыс және қаламыздағы мемлекеттік және жекеменшік мекемлердің тапсырыстарына толығымен қанағаттандырып жатырмыз. Біздің өнімдердің ерекшелігі сол — сапалы және ұлттқ нақышта әзірленеді, яғни, өнімнің бойынан ұлттық ою немесе өзге де құндылықтарды қоса дайындауға тырысамыз.»

Көрме

Көрме

Көрме

Хандықтың 550 жылдығына арналған көрмеге отандық өнімдерді дайындайтын 30-дан аса өндіріс орындары қатысты. Олардың 5000-ға тарта тұщымды еңбектері таныстырылды. Үздіктер марапатқа ие болды. Республикалық деңгейде қолға алынған көрме-байқаудың бас жүлдесін маңғыстаулық қол өнер шеберлері жеңіп алды.

Көрме

Көрме

Көрме

 

Көрме

Көрме

Көрме

Республикалық деңгейде қолға алынған көрме-байқаудың бірінші орнын Шымкеттегі Назарбаев зияткерлік мектебінің ұжымы жеңіп алды. «Көрме орталығы басшылығының айтуынша, шараның ұйымдастырылуы мен жеңімпаздарға тағайындалған сыйақыға 1 миллион теңге қаржы жұмсалған.