«Ғаламтор Сіз үшін/Internet4U» әлеуметтік жобасының алғашқы кезеңі аяқталды

464

Интернет для Вас (19)

2015 жылғы маусым айында басталған «Ғаламтор Сіз үшін/Internet4U» жобасының пилоттық  кезеңі аяқталды. Жоба аясында компьютерлік және интернет сауаттылықты арттыру мақсатында тегін оқу курстары ашылған болатын.

Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының өкілдері арасында ақпараттық теңсіздікті жоюға бағытталған жоба Германия оқыту әдістемесі негізінде жасалды. Жобаның басты ерекшелігі – Қазақстан жастарын волонтер-тренер ретінде жұмылдыру арқылы ұрпақ байланысын нығайту.

Бүгінге дейін жоба 400 адамды қамтыды. Мемлекеттік тілде оқыған және қазір оқып жатқан қатысушылар саны –  214, ал орыс тілінде 205 адам. Курсқа қатысушылардың орташа жасы – 49. Қатысушылардың біраз бөлігі жобаның арқасында жұмысқа тұруға мүмкіндік алады және күнделікті өмірлеріне өзгеріс енгізеді. Ең бастысы, компьютерді алғаш рет қосқан қатысушылар жаңа технологияға деген қорқынышын жеңе алады.

Пресс-конференция_14.10.2015

Жобаны MediaNet Халықаралық Журналистика орталығы «Шеврон»,  Beeline, «Интернет дома», Goethe Institut, Lamoda, Microsoft компанияларының қолдауымен жүзеге асырып жатыр.  

«Жергілікті халықтың әлеуетін арттыру және әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыруда инновациялық тәсілдерді қолдану – Қазақстандағы «Шеврон» компаниясының әлеуметтік жобаларының негізгі қағидасы», – дейді «Шеврон» компаниясының өкілі Айнұр Сыдықова.  Оның пікірінше, «Ғаламтор Сіз үшін» жобасы қатысушылардың ортасын кеңейтіп, жұмысқа тұру мүмкіндіктерін ашады, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтады, волонтерлер қозғалысын дамытады және компьютерлік технологияларды күнделікті өмірдің маңызды бөлігіне айналдыруға жәрдемдеседі».   

Компьютерді үйренуге ниет білдіріп, жобаға тіркелгендердің азаматтар арасында мектеп мұғалімдері мен медицина мекемелері қызметкерлерінің қызығушылығы ерекше болды. Сондықтан, мектеп мұғалімдері мен ақ халатты жандарға арнайы топтар ашылды. Жақын арада жобаға қатысатын ұстаздар саны арта түспек. Себебі, әлеуметтік жоба Алматы қалалық Білім басқармасының қолдауына ие болды.

Жобаға волонтер-тренер ретінде 70 адам тіркелді. Қазір олардың жартысы, яғни 35 адам, жобаға белсенді қатысып, 20 адам қазақ тілінде, 15 адам орыс тілінде сабақ өткізіп жүр. Олардың басым бөлігі – студенттер. Волонтерлердің орташа жасы – 21.

Интернет для Вас (26)

Жоба барысында қатысушылар Skype, интернет-браузерлер, Windows ОЖ, Word, Power Point секілді негізгі бағдарламаларды үйренеді. Курс екі деңгей (алғашқы топ және жалғастырушы деңгей) бойынша 22 тақырыптан құралған. Жоба ұйымдастырушылары оқу бағдарламасын қатысушылардың тілегі мен қажеттілігіне сүйене отырып дайындайды.  Қатысушылардың басым  бөлігі бірінші кезекте мессенджерлер, интернет-браузерлер, онлайн-банкинг және Microsoft Office бағдарламалар пакетін меңгергісі келеді.

Сабақтар үш аудиторияда өткізіледі, MediaNet Халықаралық журналистика орталығында екі компьютерлік кабинет және С. Бегалин атындағы кітапханада бір оқу кабинеті жұмыс істейді. Жақын арада мектептер мен клиникалар базасында жаңа оқу орталықтарының ашылуы  жоспарланған.

«Ғаламтор Сіз үшін/Internet4U» жобасы жалғасады

Қазіргі таңда «Ғаламтор Сіз үшін/Internet4U» жобасының пилоттық кезеңі жобаның қоғам үшін қажет екенін көрсетті.

Интернет для Вас (20)

«Ғаламтор Сіз үшін/Internet4U» жобасы Алматы қаласында және басқа аймақтарда жалғасады. Жақын арада шағын бизнес өкілдеріне арналған арнайы курстар ұйымдастырылмақшы.  «Бизнес деңгей» деп аталған бұл курстар қаржылық сауаттылық, бизнес негіздері, электронды коммерция және т.б. тақырыптардан тұрады.

Beeline компаниясының стратегиясы контент және жаңа қызмет түрлері саласында қарапайым байланыс қызметінен инновацияға өтіп жатыр. Халықтың цифрлік саладағы теңсіздігін жоймай, белгілі нәтижеге жету мүмкін емес. Сол себепті, біз халықтың әлеуметтік жағдайы төмен топтарына көмектесуге тырыстық.  «Internet4U» жобасының мақсаты да осы. Біз жобаның нәтижесінен шабыт алдық, әлі де жобадан жағымды жаңалық күтеміз», – дейді Beeline Қазақстан компаниясының Корпоративтік коммуникация директоры Алексей Бендзь.

Пресс-конференция_14.10.2015 (1)

«Біз әлеуметтік маңызды жобаға қолдау білдіргеніміз үшін қуаныштымыз. Lamodа интернет-компания ретінде  әр түрлі жастағы түрлі әлеуметтік топ өкілдерінің компьютерлік және интернет сауаттылығын арттыруға арналған барлық бастамаларды қолдайды. «Ғаламтор Сіз үшін/Internet4U» жобасының қазақ және орыс тілдерінде өтетіні де маңызды. Сонымен қатар, қатысушылардың негізгі бөлігін орта және егде жастады адамдар құрайды», – дейді Lamoda.kz интернет-дүкенінің бас директоры Сәния Құдайберген.

Ақпараттық теңсіздікті азайту, интернетпен қамтамасыз ету деңгейін арттыру  экономика мен адам капиталын дамытудың негізгі факторы екені даусыз. Дүниежүзілік Банк мәліметінше, Интернетпен қамтылу деңгейі 10%-ға артса, жан басына шаққандағы  ЖІӨ көрсеткіші  1,3%-ға көбейеді.

Deloitte компаниясының бағалауынша, дамушы елдердегі интернетке қолжетімділік деңгейін дамыған елдердегі көрсеткіштерге теңестіру маңызды. Себебі, бұл ЖІӨ көрсетішін қосымша 2,2 трлн долларға  қамтамасыз етеді, ол ЖІӨ-і  72%-ға арттыруға, 140 млн тұрақты жұмыс орнын ашуға көмектеседі.

Әлемдік экономика беталысы дүниежүзілік ЖІӨ көрсеткіші бойынша интернетке жоғарғы үлес (20%-н жоғары) тиесілі екендігін көрсетеді. Ал, дамыған елдерде интернетке көшкен экономикалық белсенділік үлесі ауыл шаруашылығы мен энергетика үлесінен біршама көп.

 

Қосымша ақпарат үшін:

Сәния Әбдіғапар +7 778 503 50 53

Айгерім Сәкенова +7 705 879 55 11

+7(727)2922046      

   Medianet.smm@gmail.com

http://internet4you.kz/ru