Кентауда «Велобайк» әлеуметтік жобасы қосылды

44

Кентаулықтар қаланың аумағында велосипедпен  діттеген жеріне  жетуге  мүмкіндік алды. Жақында қала әкімі қызметіне тағайындалған Рашид Аюповтың бастамасымен  кеншілер қаласында Велобайк әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда.

Құны  500 теңгелік  карточканы тұрғындар шағын қала аумағында ғана емес, көрші Түркістан мен Шымкентте қолдана алады. Жоба  қаладағы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларын қолдау мақсатында  қолға алынған.

Жанна Әлімбаева, Кентау қаласы әкімінің баспасөз хатшысы: «Велосипедтер тұрағы  қала аумағындағы әзірге  екі  жерде «Ынтымақ» алаңы және  Қ.А. Яссауи көшесінің бойында  орналасқан. Сұраныс болса,  қаланың басқа  жерлерінде  велотұрақтарды ашу  қарастырылады. Карточканы, Абай даңғылы мен Яссауи көшелірінің қиылысындағы тұрғын үй және коммуналдық шрауашылық бөлімі орнласқан, бұрынғы  «Кеншілер»қонақ үйі болған ғимаратта  сатып алуға болады

Велобайк әлеуметтік жобасы әсіресе, оқушылар мен студенттердың көңілінен шыққан. Олар шағын қала аумағындағы мәдени және спорт нысандарына қолжетімді бағада өздері жетуге мүмкіндік алғанына жергілікті билікке алғыстарын да жеткізуде.
Мұхамедрасул Жұбанов, Кентау қаласының тұрғыны: «Рахмет, жақсы болды, қолжетімді, ыңғайлы, үйірме мен секцияларымызға велосипедпен тез жетіп барамыз».

Шынар Оразова