Оңтүстікте «Қазақ романсиадасы — 2015» өнер байқауы мәресіне жетті. Халықаралық сайыстың бірінші орнын жерлесіміз Қарлыға Бердияр жеңіп алса, орыс романсиадасының алғашқы жүлдесі астаналық Азат Мәлік пен шымкенттік Жадыра Абдуллаеваға және өзбекстандық Ақылбек Ниязовқа бұйырды.
2-орынды Өзбектанның өнерпаздары Нұрәлі Кишлак пен Ширин Маматова және астаналық Шахризада Тыныштық еншіледі. Ал жүлделі екінші орыннан қырғызстандық әншүілер Алексей Керимов пен Данияр Долотбаков және алматылық Ерасыл Зауытбек көрінді.
Сондай-ақ, «Романсиада аруы» мәртебесін күншығыс елі — Қытайдың сұлуы Жун Дин иемденді. Ал «Романсиада үміті» арнайы сыйлығы шымкенттік әнші Гүлмарал Жақыпбайға берілді. 20 қазан күні облыс орталығындағы опера және балет театрында, сағат 19:00-де айтулы шараның марапттау салтанаты және қорытынды кеші өтеді. Оны Ресей Федерациясының өнер қайраткері, еңбек сіңірген әртісі жүргізбек.
Айта өтейік, биылғы байқауға бекзат өнердің биігін және оның деңгейін таныту үшін жергілікті және шетедік 52 үміткер қатысып еді. Енді жеңімпаздар сапынан көрінген өнерпаздар Мәскеуде өтетін халықаралық байқауға жолдама алды.