Облыстық опера және балет театры «Қыз-Жібек» операсын ұсынады

787
Облыстық опера және балет театры «Қыз-Жібек» операсын ұсынады

Оңтүстік Қазақстан облыстық опера және балет театры «Қыз-Жібек» операсын ұсынады. Қойылым 10-11 тамыз күндері театрдың ІХ театр маусымының ашылуына және Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып отыр.

Облыстық опера және балет театры «Қыз-Жібек» операсын ұсынады

 

Қазақтың ұлттық операсының дами бастауы осынау Е.Брусиловскийдің ұлттық өнеріміздің алтын қорына енген, 2 актілі, 4 көріністі «Қыз-Жібек» операсынан басталады. Ұлттық нақыштағы әйгілі классикалық туынды сахнаға алғаш рет 1934 жылы қанат қақты. Аса биік талғаммен жазылған операның мән-мазмұны да, музыкалық әдеби көркемдігі де, сахнаға қойылуы да бір-бірімен үндесіп, құдіретті туындыны құрады. Сол құндылығын әлі күнге дейін жойған жоқ. Ғ.Мүсіреповтың «Қыз-Жібек» операсының негізінде ХІV-XVI ғасырлардағы махаббат пен адалдық жайлы дастан алынған.

Аталмыш спектакль бүгінгі таңда республика театрларында қойылып жүрген «Қыз-Жібек» опера нұсқаларынан мүлде бөлек қойылым. Опералық қойылымда жесір қалған Қыз Жібек арада сегіз жылдан соң әмеңгерлік жолмен Төлегеннің інісі Сансызбайға тұрмысқа шығып, спектакль эпоста жырланғандай, мерекелік той думанға жалғасады.

Қойылымның қоюшы-режиссері – Асқар Алтынбеков, қоюшы дирижері – Абзал Мухитдинова, режиссері – Қайрат Құлыншақов, режиссердің ассистенті – Шыңғыс Айдарбеков, бас дирижері – Қуаныш Исмаилов, қоюшы-суретшісі – Жомарт Дүйсебеков, бас хормейстері – Бағлан Алтаев, бас балетмейстері – Қазақстанның мәдениет қайраткері Рита Хайрушева, костюмдер суретшісі – Сабира Дәулеталиева, қойылымның көркемдік жетекшісі – театрдың көркемдік жетекшісі Ерлан Жандарбай.

Басты партияларды орындаушылар: Жібек – Үралхан Сейлбекова, Жұлдыз Мусаева, Төлеген – Ерлан Жандарбай, Мәдіхан Дүйсеев, Бекежан және Хан – Марат Оразметов, Шеге – Қайрат Құлыншақов, Жұмабек Қаңтарбаев, Дүрия – Гаухар Ахетова, Батсайы – Майгүл Микижанова, Замира Алимкулова, Сансызбай – Нұржан Жүсіпбеков, Қамқа – Қарлыға Бердияр, Базарбай – Бақытжан Турсуманов және көпшілік сахналарда хор, балет артистері.

Сонымен, 10-11 тамыз, сағат 19:00-де басталатын «Қыз-Жібек» операсына шақырамыз. Байланыс телефондары – 56-77-45, 56-77-46.