Әлеуметтік сауда орындарында баға тұрақты, тауар аз

465
Тұрақтылық қоры

Нарықтағы өзгеріске қарамастан әлеуметтік сауда орындарында азық-түліктің бағасы тұрақты. Дегенмен, арзан өнімнің аз болуы көпшілікке күмән тудыруда. Сондықтан болар, мұндай әлеуметтік орындарда сауда бұрынғыдай қызып тұрған жоқ.

Тұрақтылық қоры

Әлеуметтік сауда орындарын кез келген базардың алдынан табуға болады. Мұнда, картоп, пияз және макарон өнімдері бар. Нарықтағы өзгеріске қарамастан мұндай сауда қатарында баға тұрақты. Есесіне арзан өнімнің түрі азайған.

Нақты айтқанда әлеуметтік сауда орындарында құмшекер, күнбағыс майы сынды азық-түлікті кездестіре алмайсыз. Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік тауарларды саудалайтын он нүкте жұмыс істейді. Бұл орындарға арнайы қоймадан тауар тасымалданады. Онда қазір 10 000 тонна кұмшекер, 5,5 тонна ұн және 150 тонна күріш бар. Ал сұйық май бар-жоғы 600 литр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=hD5Tq5DpxJU[/youtube]

Әлеуметтік сауда орныдарындағы бағы әзірге тұрақты түрде сақталады. Ал өнімінің азаюына байланысты азық-түлікті сақтайтын қоймаға алдағы күндері 1,5 тонна картоп пен 400 тона пияз жеткізілмек.

Лаура Мамырова