Өзін-өзі өртеп жіберген жігіттің туыстары бұл жағдайға полицейлерді кінәлады

499
Жарқынбай Жанабаев

Таразда өзін-өзі өртеп жіберген жігіттің туыстары бұл жағдайға полицейлерді кіналап отыр. Сайрамдағы әкесі мен нағашы атасы Ерлан Бектібаевтың соңғы уақытта телефон арқылы өз жағдайын айтып, хабарласқанын айтады. Сөздеріне сенсек, тәртіп сақшылары ауыр қылмысты жазықсыз жас жігіттің мойнына ілген. Осылайша есірткі қылмысын тәркілеген топты анықтай алмаған құзырлы орган өкілдері айыптыны алыстан іздегісі келмеді дейді туыстары.

 

Жарқынбай Жанабаев
Жарқынбай Жаңабаев

Жарқынбай Жаңабаев, марқұм Ерлан Бектібаевтың анағыш атасы: «Полицейлер баламызды әбден қинаған ғой, ұрған, соққыға алған, қылмысты мойныңа ал деп. Ал біздің баламыздың амалы қалмаған соң керосинді үстіне құйып, «Мен өмірге тойдым, милициялар қалтама наша салып, жала жапты» деді.»

Абдулла Қанаров, марқұм Ерлан Бектібаевтың әкесі: «Егер мойныңа алмасаң, 20 жыл қамауға кетесің» деген. Қылмысты ұлыма жапқысы келді. Енді, міне, оның өліміне де кінәлі деп, жазықсыз біреуді көрсете салады. Сөздің ашығы керек, ақшалы адамның баласы өлтірген ғой, соны басқа біреуге іледі. Милицияның жұмысы осы ғой.»

Естеріңізге салайық, 24 қазан күні Тараздың орталық алаңында 20 жастағы Ерлан Бектібаев өзін-өзі өртеп жіберген болатын. Мұның алдында жас жігіт осы оқиғаға оған есірткі салып жіберген полицейлерді кінәлап, бейне үндеу жазған. Кейін Бектібаев ауыр жарақаттан ауруханада қайтыс болды.

Осы факті бойынша “Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу” және “Билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану” баптарымен сот алдындағы тергеу басталды. Іс бас прокуратураның бақылауына алынды. Белгілі болғандай, 20 жастағы Бектібаев бұған дейін денсаулыққа ауыр зиян келтірді және ұрлық жасады деп айыпталған.