Шымкентте қару алып жүргендер құрықталды. Арнайы рұқсаты жоқ суық қарулы жігіттерді ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қолға түсірді. Ұсталғандардың бірі бұған дейін сотты болған.
Күдіктінің екеуінен де тапанша табылды. «Күншығыс» шағынауданындағы № 28 үйдің маңында қолға түскен екі жігіттің бірі — 28 жаста. Алдын ала берілген шұғыл ақпар бойынша бұл жігіттерде суық қару бар екені анықталған.
Қалыстардың қатысуымен ұсталғандардың суық қаруы тәркіленді. Бірінен «ТТ» тапаншасы екі оғымен жүр. Бұл жігіттердің қару асынап жүруіне не себеп болғаны енді тергеуде анықталады.
Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы: «Аталған жайт бойынша қылмыстық кодекстің 287-бабы бойынша (Қаруды ,оқ-дәрілерді заңсыз алып жүру) қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.»
Суық қаруды серік еткендер Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты. Жасы үлкені бұған дейін дәл осындай әрекеті үшін сотты болған. Олардан тәркіленген айғақтық заттарға сот-баллистиалық сараптама тағайындалады.
Ернар Балабеков
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=SczLTXZJO_I[/youtube]