Шымкенттің көшелеріне көктайғақта себілетін инертті материалдардың көлемі белгілі болды. Бір қысқа 20 мың текше метр құм мен 3 мың тонна тұз кетеді екен.
Алайда, оны тасымалдайтын мердігер әлі белгілі болған жоқ. Сала мамандарының айтуынша, алғаш ұйымдастырылған мемлекетік сатып алу конкурсына ешкім қатыспаған. Ал екінші рет жарияланған тендерге екі компания қатысыпты. Жеңімпаз апта соңында анықталады.