Оңтүстікте пара алып ұсталған білім сапасын бақылау департаментінің бұрынғы басшысы өзінің айыппұлының көп бөлігін төледі.
Еске салайық, департамент басшысына 50 млн теңгеден астам айыппұл кесілді. Бұл туралы мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі хабарлаған болатын.
Айыпталушы 2015 жылдың 27 ақпанында өзінің қызметтік кабинетінде 860 мың теңге пара алу кезінде ұсталған. Оның үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, іс сотқа жолданды.
Әл Фараби аудандық сотының 2015 жылдың 9 маусымындағы үкімімен айыпталушы «Пара алу» бабына қатысты айыпты деп танылып, 51 600 000 теңге айыппұл төлеуі тиіс деп жазаланды.