Депутаттар бюджетті талқылады

306
Депутаттар құрылысы сапасыз тендерлердің өтуіне наразы

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихат депутаттары сессия алдындағы тұрақты комиссиялардың отырысына жиналды. Әлеуметтік даму жөніндегі комиссия өкілдері денсаулық сақтау саласына қаржы бөлді. Бүйрек алмастырудан кейінгі және онкологиялық науқастарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету мақсатында қосымша 77 млн теңге бөлу көзделуде. Өкпе гипертензиясы, эпилепсия, қант диабетіне шалдыққан науқастардың қатары көбеюіне байланысты олардың препараттарына тағы 29 млн теңге қоса қарастыру жоспарланып отыр.

Депутаттар құрылысы сапасыз тендерлердің өтуіне наразы

Мұқан Егізбаев, облыс мәслихатының депутаты: «3 ай болды, томограф істемейді. Инсультпен түскендерді жан сақтау бөліміне жатқызу үшін керек.»

Облыстық клиникалық аурухананың бас дәрігері осылай дабыл қағып отыр. Науқастардың диагнозын анықтауға арналған арнайы құрылғы істен шыққан. Бөлшектерді сатып алуға қаражат қажет. Әлеуметтік даму жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында мәселені шешу жолдары ұсынылды.

2015-2016 жылға арналған бюджетті нақтылау барысында халық қалаулылары сайланған өңірлерде туындаған түйіткілдерді де жайып салды. Олардың бірі — Сарыағаш ауданындағы Дарбаза мен Жылға ауылы арасындағы жұлымы шыққан жол.

Мәселенің мән-жайын анықтау міндеті облыстық энергетика, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары басқармасы басшылығына жүктелді. Ал оның қорытындысы бюджеттік комиссияда қаралмақ.

Бұған қоса бюджет және экономиканың дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Алдағы 3 жылға облыстық бюджетті нақтылаған халық қалаулылары облыс әкімі жанындағы тұрақтандыру қорына қаржы қарастырды. Күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарларын сатып алуға 1 млрд 840 млн теңгені бөлу жоспарланған. Бұдан бөлек депутаттар үш жылдан бері аталған қордағы қаржының қалай жұмсалғанына қызығушылық білдірді.

Тұрақтандыру қорының жұмысы жайлы есеп ертең өтетін бюджет және экономиканың дамуы жөніндегі комиссияда қайта қаралатын болды. Қордың ережеге сәйкес атқарған қызметі бақылауда болатынын халық қалаулылары кезекті рет ескертті.

Шынар Оразова