Оңтүстік Қазақстан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта есірткі затын сатумен айналысқан азаматтарға қатысты іс қарала басталды. Төрағалық етуші судья болып Самиддин Теміралиев тағайындалды.
Айып тағылған Руслан Умаров адамдар тобын құрып, есіріткі затын саудалап келген. Ол үшін өзінің туысын осы кәсіпке үйреткен. Оның есірткіге бейім екенін пайдаланған. Осы істе күдікті ретінде өтіп жатқан азаматтар тағылған айыппен келіспейді.
Айыпталушылардың үстінен қылмыстық кодекстің 297-бабы (есірткі, психотроптық заттарды иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша іс қозғалған. Егер сот кінәлі деп тапса, айыптылар өмір бойы бас бостандығынан айрылуы мүмкін.
Балғабай Сеңгірбаев, ОҚО прокуратурасының аға прокуроры: «Омаров өзінде бар тауарларды тарату үшін алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобын құрған. Өзінің туысқанын осы тірлікке тартып, сол арқылы Сазоновпен, Максимовпен танысқан.»
Бұл топ есірткінің ең ауыр түрін клиенттеріне саудалап келген. Олардың Қазығұрт ауданындағы үйлерінде ірі көлемдегі есірткі партиясын сақтайтыны жөнінде де шұғыл ақпар түсісімен сақшылар қолға түсіру операциясын жүзеге асырады.
Балғабай Сеңгірбаев, ОҚО прокуратурасының аға прокуроры: «2015 жылдың 2 сәуірі күні облыстық ішкі істер департаментінің есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері Қазығұрт ауданы Жаңаталап ауылындағы үйде Омаров пен оның серіктестерін ұстады. Омаровтың күртешесінің қалтасынан 208 грамнан астам героин тәркіленген.»
Ернар Балабеков