«Мақтаарал» командасы биылғы маусымды сәтті қорытындылады

178
Биыл "Мақтаарал"-дың құрамын сербиялық легионер Александар Трайкович толықтырды

Мақтааралдықтар демалыс күні биылғы маусымды қорытындылады. Олар соңғы үш жылда бірінші лигада сынға түсіп жүр. Соның ішінен 2015 жыл ғана мақтааралдықтар үшін сәтті өтті деуге болады. Осыған дейінгі екі жылда турнирлік кестенің соңғы орнында болса, биыл 15 команданың арасынан 8-сатыға жоғарылады.

Биыл "Мақтаарал"-дың құрамын сербиялық легионер Александар Трайкович толықтырды
Биыл «Мақтааралдың» құрамын сербиялық легионер Александар Трайкович толықтырды

2015 жылғы маусымды қорытындылайтын матчта мақтааралдықтар Семейдің «Спартагымен» кездесті. Есепті алаң қожайындары ашты. Бұд ойынға жерлестеріміз екінші құраммен шыққан болатын. Өйткені, легионерлер жарақаттарына байланысты ауылдарына қайтып кетсе, өзге тәжірибелі ойыншылардың бірқатары төртінші ескерту қағазын алып үлгеріпті.

Нәтижесінде мақтааралдықтардың бұл жолғы құрамында тек жергілікті жастар болды. Содан болар, көп ұзамай тараз басын қонақтар теңестіре алды.

Бірінші лигада трибунаға ең көп жанкүйер жинайтын клуб та осы «Мақтаарал». Күннің суытқанына қарамастан жергілікті футболсүйер қауым жерлестерін қолдауға келді.

Шымкенттік бапкер Шайзидин Камалов биылғы маусымда мақтаралдықтарды жаттықтырды, фото Проспорт газетінің қорынан алынған
Биыл «Мақтаарал» командасын шымкенттік бапкер Шайзидин Камалов жаттықтырды. Фото «Проспорт» газетінің қорынан алынған

Ойын нәтижесі қос команданың да турнирлік кестедегі орнына септігін тигізері екіталай болатын. Дегенмен, спортшылар қоржынға үш ұпайды салуға талпынды. Алайда, матч соңына дейін есеп өзгермеді.

Осыған дейінгі екі маусымда біріншілікті турнирлік кестенің соңғы орнында аяқтап жүрген мақтааралдықтар үшін биылғы жыл жемісті болды деуге болады. Бірінші лигадағы 15 команданың арасынан 8-орынға табан тіреді. Енді мақтааралдықтар келесі жылы да өз алаңында футбол көруге мүмкіндік алсақ деп армандайды.