Қызылшаға қарсы екпені салдырмасыңыз, қатерлі дертке шалдығуыңыз мүмкін. Осылай деп дабыл қаққан балалар қорының халықаралық сарапшысы Андрей Тулисов Оңтүстікке арнайы келіп, вакцинадан бас тартқан ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Нәтижесінде екпені жасағысы келмеген екі жүзден аса жасөспірім профилактикадан өтіп, егу жұмысы жетпіс пайызға орындалыпты. Сондай-ақ имунизация кезінде бақылау бұрынғыдан екі есеге күшейген. Айта кетейік, өңір бойынша 68 201 жасқа екпе салынуы тиіс болса, олардың бес мыңға жуығы бас тартқан.