Облыс әкімі Созақ ауданындағы шаруалармен танысты

494
Бейбіт Атамқұлов

Қазан айының 14-і күні Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Б. Атамқұлов Созақ ауданына іс-сапармен барды. Ауданның тыныс-тіршілігімен танысуды өңір басшысы Ш. Уәлиханов атындағы мектептің жаңа ғимараттын көруден бастады. Мектеп оқушыларының сабағына қатысқан аймақ басшысы биыл басталған 200 орындық мектептің құрылысымен танысты.

Бейбіт Атамқұлов

Облыс әкімінің кезекті танысқан нысаны — «Құрманәлі» шаруа қожалығы болды. Аталған қожалық 2004 жылы құрылып, аудан көлемінде ауыл шаруашылығы саласын дамытуға, оның ішінде мал шаруашылығын дамытуға өз үлесін қосып келеді. Шаруа қожалығының жер көлемі 2037 га құрайды. Онда 5 малшы, 7 жұмысшы еңбек етеді. Еңбеккерлердің орташа жалақысы — 55 000 теңге.

Шаруа қожалығының меншігінде 1 түйе базасы, 3 мал қорасы және 5 малшылар үйі бар. Қазіргі таңда 1510 бас  ұсақ мал, 345 бас түйе, 121 бас жылқы, 61 бас мүйізді ірі қара ұстайды. Күніне 100-150 литр қымыран сұранысқа сай әзірленеді. Қазіргі таңда шағын қымыран цехын ашуды жоспарлап отырмыз дейді қожалық басшысы.

Бейбіт Атамқұлов

Облысымызда алғаш болып құрылған индустриалды аймақтың жұмысымен танысқан облыс басшысы атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. Ауданда жаңадан іске қосылатын шағын және орта кәсіпорындарды бір жерге шоғарландыру арқылы олардың инфрақұрылым (жол, су, жарық) мәселелерін мемлекеттік деңгейде шешу мақсатында ауданда индустриалды аймақ құру мәселесі қолға алынып, 50 га жер телімі резервке қойылған.

Қазіргі күнге дейін индустриалды аймақтың жобалау-сметалық құжаттары жасалып, инфрақұрылымға жалпы сомасы 240 млн теңге бөлінді. «UKO-S Star» ЖШС-нің «Уран өндіруші кәсіпорындарға арнап металл бөшкелер шығару зауыты» жобасы мен 2014 жылы «Благо Лизинг НПЗ» ЖШС-нің «Уран өндіруші кәсіпорындарға арналған құрал жабдықтар шығару зауыты» толық жұмыс атқаруда.

Сондай-ақ, облыс әкімі жаңадан ашылып, пайдалануға берілген, жеке кәсіпкер Жүсіпов Әбдіразақ Елбергенұлы өз қаржысына салдырған «Шұғыла Нұр» сауықтыру кешенінің жұмысымен танысты. Нысанның жалпы аумағы 8 000 шаршы метрді құрайды. Қазіргі таңда қыс маусымына лайықталып салынған бассейн толық жұмыс істеп тұр. Келесі жылға нысанның жанынан фитнес клубын, жеңіл және ауыр атлетикаға арналған спорт кешенін салуды жоспарлауда.

Бейбіт Атамқұлов

Бұдан соң облыс басшысы «Мыңжылқы» мәдениет үйінде жергілікті зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Мәдениет үйі қызметкерлерінің өнерпаздары қойған «Қазақ хандығының 550» сахыналық көрінісін тамашалады. Айта кету керек, Созақ ауданында қазіргі таңда 36 мәдени мекеме аудан халқына мәдени қызмет көрсетуде. Аудандағы кітап қоры 376 904 кітапты құйрайды.

Ерлан Райымқұлов                                                                                                                                        фото автордікі