Облыста мақтаның бірінші терімі аяқталып келеді. Алқаптың қысқаруына орай биыл жиналатын өнім көлемі аз дейді шаруалар. Алайда салаға жауаптылар өнім көлемі азайғанмен, шикізат сапасының артатынын айтады.
Қалдыбай Батырбеков бірінші терімін аяқтап, еккен өнімін қабылдау бекетіне әкелді. Ақ алтынның келісін 100 теңгеден өткізіп жатыр. 4 гектарға мақта еккен шаруа егін шығынына 200 мың теңге жұмсапты. Мақта бағасы көтерілсе, жер емген жандар табысқа келер еді дейді ол.
Қазір ауданда 8 ірі мақта өңдеу зауыты, 4 кіші мақта өңдеу цехы және 142 мақта қабылдау бекеті жұмыс істеуде. Мақта бағасы 100 теңгеге тұрақтап отыр. Осыған дейін мақтаның келісі бекеттерде 105-110 теңгеден сатылып келген.
Биыл Мақтаралда 77 мың гектарға ақ алтын егілген. Шаруалар бұл жылы 190 мың тонна өнім алуды жоспарланып отыр. Бүгінге дейін шаруалар қабылдау бекеттеріне 140 тонна мақта сатылған. Алайда жауаптылар егін алқабы қысқарғанымен еңбек өнімділігін арттыруды жолға қоямыз деп отыр.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=tix4KCEPZJw[/youtube]
Жауаптылар жиын терім жұмыстарының уақтылы басталғанын айтады. Айта кетейік, маусым басталғалы аудандағы 65 мың гектар алқаптан мақта терілген. Биыл орташа өнімділік гектарына 21 центнерді құрап отыр.