Шетел геологтары Шымкеттегі халықаралық жиында бас қосты

254
Бейбіт Атамқұлов

Шымкентте Қазақстан, Ресей, Корея және Моңғолияның геолог-ғалымдары бас қосып, саладағы ғылыми зерттеулердің дамуы мен пайдалы қазбалар кен орындарын барлаудың жаңа әдістеріне қатысты мәселелерді талқылады. Жиынға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов қатысып, жер қойнауын зерттеу тақырыбы бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі екенін айтты.

Бейбіт Атамқұлов

Жер қойнауы геологиясы шекараға бөлінбейді. Бірақ, әр ел өзіне тиесілі табиғи байлықты зерттеп, өзгелермен тәжірибе алмасқаны жөн. Нәтижесінде геологиялық карталар жасалып, жер қойнауын пайдаланудың тың әдістері туындайды. Үш күнге созылатын халықаралық басқосуда сала ғалымдарының жаңалықтары жарияланып, еңбектері талқыланды. Әр ел өзіне қажеттісін жүзеге асырады.

Базарбай Нұрбаев, ҚР геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы: » Тәжірибе алмасу деген- түрлі өзгерістер енгізу. Одан бөлек, бұл жиынның қорытындысында Каспииде үлкен атлас картасын жасаймыз деген үміт бар. Оны Ресей толық қолдап отыр. Одан бөлек, Өзбекстан, Түркіменстан, Иран және Әзірбайжан қатысады. Оны да бүгін талқылаймыз».

 

Қазақстан негізгі пайдалы қоры жөніндегі әлем елдерінің алғашқы ондығына кіреді. Еліміз минералды шикізаттық ресурстардың көлемі мен әр алуандығы бойынша әлемде алдыңғы орындар да тұр. Мәселен Қазақстан уран өнімі бойынша бірінші орында, хром рудасы бойынша екінші, мырыш, марганец бойынша төртінші орында.

Жез, никель, темір, алтын өндіруде алтыншы орында. Қазақстанның барланған минералының қоры да қомақты. Оны төгіп, шашпай пайдалану байлығымызды еселей түседі. Осыны ескерген мамандар халықаралық кеңестің көмегіне жүгінуді жөн санайды.

Галина Баймаханова, парламент мәжілісінің депутаты: «Қазақстанның жер байлықтарын геологиялық зерттеу жөніндегі нормативтік құқықтық құжаттар, механизмі мен рәсімдерін жетілдіру жолдарын еліміздің геологиялық қауымдастықпен бірлесіп іздестірген жағдайда ғана табысқа кенелеміз. Биылдың өзінде геология және жер қойнауын пайдалану комитеті Қазақстанның жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жұмыстарын сатып алу бойынша 16 конкурс өткізді. Ұлттық қордан бөлінген 6 млрд теңгені жер қойнауының перспективалық учаскелерінде геологиялық барлау жұмыстарына жұмсау жоспарланған».

 

Он үш жылдан бері жұмыс жасайтын кеңес биыл бірінші рет өз отырысын Қазақстанда, оның ішінде Оңтүстікте өткізудің өзіндік ерекшелігі барын айтады. Бұл жиында әр елдегі геологиялық металлогенциясының зерттеп, бір тұжырым жасамақ ниетте.

Одан бөлек Қытай және Қырғыз елімен бірігіп, шекарада жатқан пайдалы қазбалар турасында толық ақпарат алып, геологиялық барлау жүргізбек. Сондықтан мамандар Оңтүстіктегі кездесуден оң басталамар күтеді.