Шымкентегі «Шымкент» көшесіне тасжол салынды. Тұрғындар көшені жөндеуді сұранып, талай есікті тоздырған болатын. «Отырар» медиахолдингінің тілшілері араласқаннан кейін көшені жөндеу бірден қолға алыныпты. Бірнеше күннің ішінде ұзындығы 200 метрден астам көше тақтайдай тегістеліп, асфальт төселіп отыр.
Биылғы бюджеттен бөлінген 205 млн теңге қала көшелерін ағымдағы жөндеуден өткізу үшін бөлінген. Қаржыны игеру «ШымкентДорСтрой» мекемесіне жүктеліпті. Дәл осы ақшаның есебінен Шымкент көшесі де жөнделіп отыр.
Нұрлан Жаңабай