Шымкентте тұңғыш рет қала тұрғындары мен қонақтары көлеңкелі театр қойылымын тамашалауға мүмкіндік алды.
Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрында 14 қазан күні Абай Құнанбайұлының «Желсіз түнде жарық-ай» әдеби музыкалық қойылымының премьерасы өтеді. Басталуы — сағат 19:00-де.
Спектакль 15 қазан күні де өтеді деп күтілуде. Көркемдік жетекшісі – Қуандық Қасымов. Ал көлеңкелі сахнаның режиссері, жас маман Мейрам Хабибуллин. Айта кетейік, «Желсіз түнде жарық-ай» қойылымы Абайдың 170 жылдығына орай көрермен назарына ұсынылып отыр.
rgmedia.kz